Жобалар
🔹 «Ұстазым менің – My Teacher» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы
Бұл журнал – түркі және еуропалық педагогтер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ғылыми-талдамалық басылым. Журналда білім беру саласындағы заманауи әдістемелер, халықаралық тәжірибелер, педагогикалық зерттеулер және білім беру жүйесін жетілдіруге арналған аналитикалық материалдар жарияланады. Сонымен қатар, оқытушылардың үздік тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби дамуына мүмкіндік береді.
🔹 Халықаралық педагогикалық турлар
Ассоциация әлемнің жетекші елдерінде педагогикалық турлар ұйымдастырып, мұғалімдерге шетелдік білім беру жүйелерімен танысуға, халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға жағдай жасайды. 2015 жылдан бері Ұлыбритания, Өзбекстан, Түркия, БАӘ, Испания, Португалия елдерінде 9 халықаралық офлайн іс-шара өткізілді. Бұл турлар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, оларды жаңа әдістемелер мен инновациялық оқыту құралдарымен таныстыруға бағытталған.
🔹 tildes.kz, tildes.bala, tildes.spain – көптілділік пен түркі тілдерінің дамуы
Бұл жоба көптілділік мәдениетін дамытуға және қазақ тілінің сақталуы мен кең таралуына ықпал етуге бағытталған. Жоба аясында жаңа форматтағы тілдік курстар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтып, олардың тарихи және тілдік мұрасын насихаттауға арналған арнайы бағдарламалар жүзеге асырылады.