Ынтымақтастық
🔹 Халықаралық офлайн іс-шаралар:
Ассоциация әлемнің түрлі елдерінде 9 халықаралық конференция мен семинар ұйымдастырды, олардың ішінде:
- 2015 – Лондон (Ұлыбритания)
- 2016 – Ташкент (Өзбекстан)
- 2021 – Ыстамбұл, Анталия (Түркия)
- 2022 – Дубай (БАӘ), Ыстамбұл (Түркия)
- 2023 – Барселона (Испания), Лиссабон (Португалия)
- 2024 – Ташкент (Өзбекстан)
🔹 Халықаралық ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық:
Ассоциацияның бастамасымен түркі және еуропалық педагогтер арасындағы әріптестікті дамыту мақсатында «Ұстазым менің – My Teacher» ғылыми-педагогикалық журналы жарық көрді.
🔹 Білім беру мен мәдени жобаларды қолдау:
Ассоциация @astana_qazaqtili_qogamy және tildes.spain жобалары арқылы тілдерді дамытуға және түркі мәдениетін ілгерілетуге жүйелі түрде үлес қосуда.
🔹 Кәсіби даму мүмкіндіктері:
Педагогтерге арналған семинарлар, тренингтер және халықаралық турлар ұйымдастырып, әлемдік білім беру тәжірибелерін кеңінен таратуға ықпал етуде.
Ассоциация алдағы уақытта да мұғалімдердің біліктілігін арттыру және халықаралық деңгейде білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолында жаңа бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етеді.