ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ – ҰСТАЗДЫ ЖАҢАРТАДЫ!

Түркістанда өткен кәсіби кездесудің жалғасы яғни, ұстаздармен маңызды тақырыпта ой бөлістік: Халықаралық тәжірибе алмасудың мұғалімге берер пайдасы.

Спикер: Педагог, журналист, қоғам белсендісі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Астана қалалық филиал төрағасының орынбасары, мемлекеттік тіл мен ұстаздың кәсіби дамуы бағытында қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде белсенді жобалар жүргізіп жүрген Лариса Алдаберген – өзінің 20 жылдық кәсіби жолын, халықаралық сапарлардан жинаған тың тәжірибесін, ұстаздық, тіл және қоғам алдындағы жауапкершілікпен байланыстыра отырып, әсерлі баяндап берді.
Кездесу барысында мұғалімдерге арналған нақты жобалар – мемлекеттік гранттар, халықаралық сапарлар мен авторлық бастамалар талқыланды.
Барлық бастама – ұстаздың кәсіби және адами келбетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Кездесу қорытындысы ретінде түркістандық ұстаздармен “Teach & Reach” жобасын бірлесе жүзеге асыруға уағдаластық. «Teach & Reach: Ұстаздың дамуы – Ұлттың болашағы” – бұл тек оқыту емес, халықаралық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктер алаңы.
Тәжірибе алмасу арқылы әр ұстаз – өз елінің абыройлы елшісіне айналады.
Іс-шара @tildes.kz жобасының Испания Корольдігіндегі ресми ашылуына шақырылып, ассоциациямыздың ерекше қолдауына ие болған білікті басшы, шебер ұстаз – Жанат Айнабекова басқаратын «М.Ғабдуллин атындағы №52 ЖББМ» КММ базасында ұйымдастырылды.
