Испанияда tildes.spain клубы ашылды

Испания патшалығындағы tildes.spain клубының ресми ашылуын ұйымдастырған ұйым «Түркі тілдес мұғалімдер ассоциациясы»
✔️Алғашқы шетелдік филиалдың ашылу салтанатында аталған клубтың бастамасын қолдаған делегаттар өздерін күтіп алған бір топ испандықтарды қазақ тіліне қызықтыратын дәрістер оқып, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосты.
✔️Делегаттар құрамы «Tildes» клубының ережесіне сәйкес арнайы іріктеуден өткен тіл мамандарынан құралды.
✔️”Tildes” клубын қолдап барған команда 8 күн бойы тілімізді, ұлттық дәстүр мен мәдениетімізді испандықтарға дәріптеп, есте қаларлықтай естеліктер тарту етіп, сапар бағдарламасында қамтылған Испаниямен іргелес жатқан Португалия еліне де барып, испан және португал университеттері мен мектептерінің тілдерді оқыту саласындағы сарапшы тіл мамандарымен тәжірибе алмасты.